$ 498.55  524.28  4.75

Қарақалпақстан мұғалімдеріне айлық орнына балапан беріліп жатыр

Қарақалпақстанның Нүкіс ауданында қолма-қол ақшаның жоқтығы салдарынан мұғалімдерге айлықтың орнына балапандар беріп жатыр деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі. Оның үстіне құны базардағы бағадан екі есе жоғары. Өткен жылы қарақалпақтық мұғалімдерге еңбек ақыларын картоп, сәбіз, асқабақпен төлеген.

Соңғы екі жылдан бері Өзбекстанда қолма-қол ақшаның тапшылығы байқалады. Адамдар бірнеше ай бойы еңбек ақылары мен зейнет ақыларын ала алмай келеді.

Алдын елдің ақпарат құралдары Өзбекстанда айлықтың орнына қымбат бағамен шамдар және ауыл шаруашылығы тауарларын бергенін жазған.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың ақпан айында "Өзбекэнерго" басқармасының басшысы Искандер Басидов 66 мың 579 қызметкеріне ай сайын қымбат бағамен компанияның өндіретін LED шамдарын сатып алуды міндеттеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары