$ 498.55  524.28  4.75

Бағдатта ірі жарылыс болып, 22 адам қаза тапты

Ирак астанасы Бағдатта лаңкестік оқиға салдарынан 22 адам қаза тауып, тағы 60 адам ауыр жараланды деп хабарлайды Reuters.

 

Оқиға шииттер тұратын Мадинат-Садр ауданында орын алған. Жарылғыш заттар толтырылған жол талғамайтын ірі көлік сұлулық салонының жанына келіп жарылған. Полиция мәліметінше, қаза тапқандардың дені әйелдер. Лаңкестік оқиғаны «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алып отыр. Содырлардың мақсаты әйелдер емес, сол маңдағы базарды күзеткен тәртіп сақшылары болған. Оны өздері де мойындауда.

Мадинат-Садр — Бағдат агломерациясындағы шииттер тұратын шағын қалашық. «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары бұл ауданды жиі шабуылдайды. Соңғы рет 28 ақпан күні екі мотоциклге отырған лаңкестер ұялы телефон сататын базарға келіп, өздерін жарып жіберген. Салдарынан 70-тен астам адам қайтыс болып, 100-ден астамы жараланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары