Әлеуметтік желіде көңілді кеште би алаңында билеп жүрген адамдардың видеосы тарап кетті. Ролик авторының сөзінше, кадрлардан "Өскемен прокурорларын" байқауға болады. ШҚО бақылау органы баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазбаны журналист Михаил Козачков өз Telegram арнасында жариялады. Кадрда би алаңында көңіл көтеріп жүрген азаматты аңғаруға болады. Сондай-ақ, камера объективіне билеп жүрген ару да түсіп қалған.
"Өскемендік прокурорлар, жарайсыздар. Жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Бір ғана сұрақ: карантин уақытында түсірілмеген бе?",- дейді Михаил.
Аталған видеоға қатысты Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы жауап берді.
"Иә, біз хабардармыз. Видеоны Telegram-нан көрдік, қазір тексеріп жатырмыз", - деді ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері шулы жазбадан соң қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.
2020 жылдың мамыр айында желіде екі адамның тілдескені туралы видео жарияланды. Әңгіме Маңғыстау облысындағы прокурор мен "полицейдің" арасында болғаны айтылған. Онда "тәртіп сақшысы" прокуратура қызметкеріне шағымын жеткізген. Ол бір "генерал" өзін жұмыстан шығарғысы келіп жүргенін айтқан.
Ал прокуратура қызметкері болса, оны бұл мәселені шешетін адаммен таныстыруға уәде беріп, қызмет ақылы болатынын жеткізген. Осы шулы жағдайға байланысты бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеріс жүргізген болатын. "Тергеу қорытындысы бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Одан бөлек, Қостанайда "ұйықтап жатқан" полицейді видеоға түсіріп, дөрекі сөйлеген азаматтың видеосы тараған еді.
Видеоны көру үшін сілтеме: ВИДЕО