$ 498.51  522.84  4.81

Алматылық әйел өз сәбиін аукцион әдісімен сатқан

Алматы қаласының тұрғыны өзінің бір жасар қызын алдымен 50 мың теңгеге сатқан. Алайда, өзге біреуден 670 мың теңгеге ұсыныс түскен соң алғашқы клиенттен сәбиін тартып алып, қайта сатып жатқан жерінен қолға түсті. "Аукционның" жолын қалалық ІІД-нің қызметкерлері кескен деп жазады Tengrinews.kz.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қызын сатқан ана Жамбыл облысы Мерке ауданының тұрғыны. Алматыға келіп ол екі аптадай уақыт клиент іздепті. Іздеу жұмыстарына оның 51 жастағы таныс әйелі де атсалысқан. Полицейлер олардың екеуін де бала сатып тұрған жерінен қолға түсірді. Айғақ зат ретінде ақша тәркіленіп алынған.

"Күдіктілерді тексеру барысында 670 мың теңге табылып, тәркіленіп алынды. Тергеу кезінде белгілі болғандай, сәбидің анасы аталған ақшаның тек 200 мың теңгесін өзіне қалдырып, қалған 470 мың теңгені ортадағы делдал әйел алмақ болған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары кішкентай қыздың бұған дейін бір рет 50 мың теңгеге сатылғанын да анықтады. Қазір бұл қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған екі әйел болса қамауға алынып, тергелуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары