$ 444.22  476.38  4.82

ШҚО-да 14 жастағы қызды өлтірген күдікті бір тәулік өтпей ұсталды

Осыдан 8 ай бұрын жоғалып кеткен ШҚО Шар қаласы тұрғынының мәйіті кеше табылған болатын. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті бір тәулік өтпей қолға түсті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат Семейде басқа да қылмыс жасап, сол іс бойынша тергеуден өтіп жатыр екен.

"Ол өзге қылмысы бойынша ұсталған болатын. Тергеу барысында оның оқушы қызды өлтіргені анықталды. Қылмысы дәлелденіп отыр", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Тергеудің құпия жүргізілуіне байланысты қылмыстың қалай орын алғаны айтылмай отыр. Белгілісі, күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында.

Естеріңізге салайық, Айым Ұлтомбаева өткен жылдың 12 қыркүйегінде түнде өз үйінен жоғалған еді. Қыздың барлық киімдері мен ұялы телефоны бөлмеде қалған. Ол мұнан кейін не туыстарымен, не достарымен байланысқа шықпапты. Марқұмның ата-анасы қыздарын діни радикалдар ұрлап кетуі мүмкін деген болжамын да айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары