13.05.2016, 11:38

Рада депутаты орысша сөйлегені үшін «таяқ жеді»

Жоғарғы Раданың депутаттары парламентте өтіп жатқан жиын барысында төбелес шығарды деп хабарлайды «Интерфакс-Украина». Жанжал «Оппозициялық блок» фракциясының депутаты Александр Вилкулдың орыс тілінде мәлімдеме жасауынан басталған.

Төбелесті «Ұлттық фронт» фракциясының өкілі Юрий Тимошенко бастаған. Ол Вилкулға жүгіріп келіп, оны трибунадан итеріп жіберіпті. Мұнан кейін депутаттар екіге бөлініп, жаппай жаға жыртысып, әзер тарқасқан.

Жағдайды ушықтырғысы келмеген Раданың бірінші вице-спикері Ирина Геращенко жиналысты шұғыл аяқтап, халық қалаулыларын тарқатып жіберген. Бұл өз кезегінде өзге депутаттарға ұнамай, олар да дау шығарды. Төбелестен ауыр жарақат алған ешкім жоқ.

Айта кетейік, Ресей мен Украинаның қарым-қатынасына сызат түскелі бері Украинада орыс тілінің тынысы біршама тарылды.