$ 498.51  522.84  4.81

Атыраудың екі тұрғыны «селфидің» құрбаны болды

Оқиға кешегі сенбіден жексенбіге қараған түні қала іргесіндегі Бесікті елдімекенінде орын алған. Қолдан жасалған қайыққа отырған төрт жігіт өзен ортасына барып суретке түспек болғанында қайықтары аударылып кетіпті. Екеуі жағаға өздігімен жүзіп шықса, құтқарушылар қалған екеуінің ағып кеткенін айтып отыр деп жазады Informburo.kz. Бұл жайында Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының басшысы Бақтияр Қадырханов мәлімдеген.

«Тірі қалған жігіттердің айтуынша, батып кеткен Бірлік ауылының 1992 және 1981 жылы туған екі тұрғыны. Олар сенбі күні кешке төртеуі өзен жағасына барып демалуды ұйғарған. Спирттік ішімдік ішіп, түнде қолдан жасалған қайықпен өзеннің орта тұсына дейін барған. Сол жерде қайықтары аударылып қалыпты», - дейді Б.Қадырханов.

Құтқарушыларға ақпарат түнгі екілер шамасында келіп түскен. Таң ата ағып кеткен екі жігіттің денесін іздеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары