$ 444.14  477.05  4.85

Алматылық қарақшы 9 мың теңге үшін сатушыны 48 рет пышақтаған

Алматыда азық-түлік дүкенінің 51 жастағы сатушысын 9 мың теңге үшін 48 рет пышақтап тастаған. Бұл жайында қалалық ІІД-нің баспасөз қыметі хабарлап отыр. Оқиға Бөкейханов көшесінедегі дүкендердің бірінде орын алған.

24 жастағы күдікті қарақшылық шабуылды күндізгі сағат екілер шамасында жасапты. Ол дүкен кассасынан небәрі 9 мың теңгені ғана алып кеткен. "Осы қаражат үшін жәбірленуші денсаулығынан айрылды. Қазір ол қалалық ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Жедел тергеу тобы қылмыс жасалғаннан бір сағат өткеннен кейін күдіктінің кім екенін анықтап, артынша оны қолға түсірді. Ұсталған азамат Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Одан айғақ зат ретінде пышақ тәркіленіп, өзі қамауға алынды" дейді Жетісу аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.

Күдіктінің үстінен "қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу шаралары аяқталған соң іс сотқа жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары