$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Абай апталығы жалғасуда

«Абай – қазақтың бас ақыны» деп Ахмет Байтұрсынов атап өткен дана ақынның, кемеңгер ойшылдың шығармалары халқымыздың асыл қазынасы бола бермек.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Абай» апталығы жалғасын табуда. Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жасалған шаралар туралы педагогика ғылымдарының кандидаты, Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Нұрзия Әбішева пікірін білдірді, - дeп хабарлайды Sn.kz.

«Биыл елімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқаны белгілі. Аталған мерекеге орай өткен оқу жылынан бері бүгінгі күнге дейін университетіміз де біршама іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, «Ғасырдан асқан тұлға» атты Абай оқулары және «Абай мен Пушкин шығармаларының үндестігі» тақырыбында ақын шығармашылығына байланысты фото көрмесі өтті.

Сондай-ақ Тәрбие ісі және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен және «Самғау» волонтерлер тобының қатысуымен әуе шары ұшырылды. Ал бүгін Нұр-Мүбарак университетінің кітапханасында онлайн көрме ұйымдастырылып, Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Дүниеден өткеніне бір ғасырдан артық уақыт өтсе де ақын, философ, ағартушы, композитор Абайдың шығармалары өзінің құнын жойған жоқ. Олар – әлі де көкейкесті Һәм маңызды. Сонымен қатар ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі болатын, жол көрсететін тұстары көп.

«Абай – қазақтың бас ақыны» деп Ахмет Байтұрсынов атап өткен дана ақынның, кемеңгер ойшылдың шығармалары халқымыздың асыл қазынасы бола бермек.

Хәкім Абай – білімді, мәдениетті насихаттап өткен ақын. Ол өз өмірін үлгі ете отырып, жастарды ізденуге, игі істерден бастау алатын қадамдар жасауға шақырады. Халқын қайғы-мұңнан арылтқысы келеді, татулық пен достықты насихаттайды. «Ғылым таппай мақтанба» деп тәрбиелейді, 38-қара сөзінде ғылым-білімді махаббатпен көксеу керектігін жазады.

Ал Абайтанушы ғалым  Мекемтас Мырзахметұлы Абайды «Жан ғылымының ең көрнекті өкілі» деп атап өткеніндей, Абай өлеңдерінен де қара сөздерінен де адамның ішкі жан-дүниесінің сұлулығы жөніндегі терең ойлары да жастарға ой салары сөзсіз.

Нұрзия Мағазқызының пікірін қортындыласақ, кітапханаға жол тартып, Абай шығармаларын оқыған жастардың болашағы жарқын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары