$ 494.87  520.65  4.91

Алматылықтар «Абай жолын» оқыған ба?

Сауалнама нәтижесінде көбі шындықты мойындауға ұялды ма, жауап беруден бас тартты. «Оқымадым» деп ашығын айтқандар да аз болмады

Абайдың шығармаларын, Әуезовтің «Абайжолын» оқымау – қазаққасын. Әр үйде Құраннанкейін Абай кітабытұрса, салиқалы ұрпақ сабақтастығы қалыпта сары сөзсіз. Оның пәлсапаларында, құнды мұраларында адамгершілік принциптері бар. Алматылықтар «Абай жолын» оқыдыңыз ба?» деген сауалнамаға қатысты, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Сауалнама нәтижесінде көбі шындықты мойындауға ұялды ма, жауап беруден бас тартты. «Оқымадым» деп ашығын айтқандар да аз болмады. Әр қазақ оқу керектігін алғатартып көңілімізді марқайтқандар да табылды. Жас ғалым алаштанушы ЕлдосТоқтарбай әсіресе жастардың Абайды оқымауының, түсіне алмауының бірнеше себебі бар деп пайымдайды.

«Ащы да болса – шындық. Бүгінгі жастар жаңа заманның, мына технология дамыған, гаджеттер, смартфондар күнсайын жаңарып жатқан қоғамда туғаннан кейінбе, әлде 21 ғасырдың Z ұрпағы болғаннан кейінбе, бұл романды қабылдай алмайды.

Бұл романды қабылдай алмайтын бір жәйт бар. Ол  «Абай жолы» романының және Абайдың сүрген кезеңі патшалық биліктің қысымы жүріп жатқан құлдық дәуірде болса жазылғандығы, ал Әуезов оны Кеңестік билік кезінде жазды. Яғни, құлдық дәуірінде болған қазақ өмірін бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жастары қабылдай алмайды», – деді алаштанушы, жас ғалым Елдос Тоқтарбай.

Ал Абай академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Жанбота Кәріпбаев Абайдытанытудағы, насихаттаудағы кемшілік – мектептер мен жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде енгізілмеуі деп санайды. Оны енгізу үшін осы күнге дейін оқыту әдістемесі әзірленбеген. 

«Өкініштісі, әлі күнге Абайтануды оқытудың әдістемесі Қазақстанда жоқ.Ортақ оқулық та құрастырылмаған. Бірқатар кітаптар бар, әрине. Бірақ олар сабақтан тыс оқытуларда қолданылады. Мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарында пәнретінде қарастырылмаған. Жоғары оқу орындарының бағдарламасында бар. Оның өзінде гуманитарлық бағыттағы студенттерге ғана оқытылады. Алайда студенттер кредиттік жүйе бойынша оны міндетті емес пән ретінде таңдайды», – деді Абай академиясы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Жанбота Кәріпбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары