$ 444.32  473.33  4.76

Абайдың 3 томдық академиялық танымдық жинағы жарыққа шығады

Сонымен қатар ол бүкіл қаржының коронавируспен күреске жұмсалуына байланысты Алматы қаласының іс-шаралар жоспарына кіргенімен іске аспай тұрған бір шара бар екендігін айтты.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Абайдың 3 томдық академиялық танымдық жинағы жарыққа шығады. Бұл туралы Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды Sn.kz. 

«Адамзаттың алғашқы ұстазы Аристотельден бергі бүкіл ұстаздардың, классиктердің қай-қайсымен де Абайды терезесі теңтұратын данышпан деп есептейміз. Қазақстанның Жазушылар одағы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның поэзиялық күнтізбесін шығарды. Сонымен қатар интерактивті кітабын дайындадық. Ол қазір өндірісте. Интерактивті кітапта Абайдың өлеңдері, қара сөздері, әндері, күйлері барлығы дыбысталып орындалады. Оны Қазақ радиосының үздік дикторлары, қазақтың арғы-бергі ғажайып әншілері орындайды. Технологияның озық заманында мұндай кітап таптырмайтын дүние саналады. Оны флешка, дискі түрінде тарата беруге болады», - деді Ұлықбек Есдәулет.

Сонымен қатар ол бүкіл қаржының коронавируспен күреске жұмсалуына байланысты Алматы қаласының іс-шаралар жоспарына кіргенімен іске аспай тұрған бір шара бар екендігін айтты. 

«Ол Жазушылар одағының алдына Абайдың кеуде мүсінін орнату болатын. Одан басқа Абайдың шығармалары 10 тілге аударылып, қазір жарыққа шығып жатыр. Мұнан бөлек М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған Абайдың 3 томдық академиялық танымдық жинағы жарыққа шығады. Оған еліміздің Президентінің өзі бас-көз болып, бақылауына алып отыр», - деді Жазушылар одағының төрағасы.

Естеріңізде болса таяуда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары