$ 444.22  476.38  4.82

Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді, деп хабарлайды Sn.kz.

Еліміздегі індетке байланысты Абай оқулары онлайн режимде ұйымдастырылды. 

Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңіне 1759 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақсынады.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары