$ 484.11  528.79  5.03

Михаил Ефремов 8 жылға сотталып кетті

Сот Михаил Ефремовты кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.
Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru

Бүгін, 8 қыркүйекте Мәскеудің Пресненск аудандық соты ресейлік актер Михаил Ефремовке қатысты үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сондай-ақ судья Елена Абрамова жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған азаматтың ұлының талап арызын ішінара қанағаттандырды деп жазды nur.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ол сотталушыдан 800 мың рубль өндіру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ актер үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Судья сараптама нәтижелерін оқыды.

Апат кезінде Ефремовтің автокөлігінің сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргені анықталды. Көлік толығымен бүтін болған, және барлық зақымдар апат салдарынан пайда болды. Сот Михаил Ефремовты кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.

"РФ қылмыстық кодексінің 264 бабы 4-бөлігінің "а" тармағы (абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған мас күйде жол ережесін бұзу) бойынша кінәлі деп танылды", – делінген сот үкімінде.

Еске сала кетсек, биылғы 8 маусымда Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан болатын. Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы жол апаты кезінде актердің мас күйде болғанын хабарлады.

Ал 3 қыркүйекте өткен сот отырысында Михаил Ефремовтің өз кінәсін мойындағаны мәлім болды. 

Видеоны көру үшін сілтеме: ВИДЕО

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары