$ 494.87  520.65  4.91

«Несие кешірілсін»: Алматыда митинг өтті (ФОТО)

Митингіні тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жақтастары және азаматтық белсенділер ұйымдастырды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы саябақ алаңында митинг өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Митингіге шыққандар несиенің кешірілуін талап етті.

Митингіні тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жақтастары және азаматтық белсенділер ұйымдастырды. 

Митинг кезінде айтылған талаптардың ішінде несие амнистиясы және шетелдіктерге жер беруге тыйым салу болды. Сондай-ақ олар қытайлық экспансияға қарсы шығып, қамауға алынған белсенділерді босатуды талап етті.

Олар банкке көмек көрсету үшін ақша бөлуге қарсы екенін айтты.

Митингіге қатысушылар Қазақстанның гимнін орындады.

Бұған дейін Алматы әкімдігі 13 қыркүйекте митинг өткізу келісілгенін хабарлады. Митингіге қатысушылар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Айта кетейік, 3 маусымда Қазақстанда бейбіт жиындарды өткізу тәртібі мен ұйымдастырылуы туралы жаңа заң күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары