$ 443.35  475.54  4.82

Армениядан келген көліктерге сары нөмір беру уақыты ұзартылды

Автомобильдер мен басқа да техниканы уақытша әкелген азаматтар (ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден және жеңілдікті тәртіппен кедендік ресімделгендер) келесі жылдың 31 наурызына дейін оларды кері әкету міндетінен босатылды.

ЕАЭО COVID-19 салдарынан шетелдік автокөліктерді шығармайды, ал Қазақстанда Армениядан машиналарды тіркеу келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі COVID-19 пандемиясының жалғасуына және коронавирустық инфекцияның таралуының екінші «толқынының» пайда болу мүмкіндігіне байланысты жеке тұлғалар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының уақытша жүру мерзімдерін ұзартты.

Осылайша, автокөліктер мен басқа да техниканы уақытша әкелген азаматтар (ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден және жеңілдікті тәртіппен кедендік ресімделгендер) келесі жылдың 31 наурызына дейін оларды кері әкету міндетінен босатылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанға Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мерзімі келесі жылдың 1 наурызына дейін ұзартылғанын хабарлады.

Облыстық МКД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуінің және пайдалануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары