$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекеті» 25 адамды азот қышқылына тұншықтырып өлтірді

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары Ирактың Мосул қаласында тыңшылықпен айналысты деп айыпталған 25 адамды азот қышқылы толтырылған ыдысқа салып, азаптап өлтірді. Бұл жайында The Daily Mail жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаза тапқандардың бәрі ер азаматтар. Олар Ирак үкіметіне жұмыс істеді деп айыпталған. Басылымның хабарлауынша, лаңкестер 25 адамның барлығын бір жіпке байлап, қышқыл толы ыдысқа бірінен соң бірін салған.

Айта кетейік, 12 мамыр күні Түркияда жүргізілген рейд барысында Элязиг провинциясынан «Ислам мемлекеті» ұйымы жетекшілерінің бірі ұсталған болатын. Онымен бірге құқық қорғаушылар содырлардың баскесерін де қолға түсірді. Ол Сирия аумағында жария түрде адамдарды өлтірумен айналысып келген. Ұсталғандардан ұйымның құпия құжаттары тәркіленді.

Ал, 11 мамырда «Ислам мемлекеті» басшылары Иракта ұйымнан қашып шықпақ болған 35 адамды тірідей көміп тастады. 10 мамырда содырлар 5 адамнан тұратын бір отбасын түгелдей өртеп жіберген.

Адамдар құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың мәліметінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бүгінге дейін 4144 адамды өлім жазасына кесіп, үкімді жүзеге асырған. Олардың 2230-ы қарапайым тұрғындар, арасында әйелдер мен балалар да бар. Ал, 1100 адам — тұтқынға түскен әскерилер. Сондай-ақ, ішкі кикілжің барысында ұйымға мүше 400 содырдың да көзі жойылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары