$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да көлік аударылып, кейін жарылып кетті (ВИДЕО)

Жол көлік оқиғасы Алматы-Термез трассасының бойында 19 мамыр күні орын алған. Оның бейнетүсірілімі бүгін жарық көрді деп жазады otyrar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі "жол жоқ" деген белгіге қарамай, жоғары жылдамдықпен жүйіткіген. Салдарынан жол құрылысы жүріп жатқан жерге тап болып, аударылып кетіпті.

"Ол аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан болатын. Кенет жол бірден бітіп қалды. Содан оның көлігі жол белгілерін соға өтіп, аударылып түсті. Артынша жарылды", - дейді оқиғаны камераға түсірген куәгерлердің бірі.

Оның айтуынша, көлікте үш адам болған екен. Үшеуін де жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео