Тәжікстанның референдум және сайлау жөніндегі орталық комиссиясы Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өткен референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап 94,5 пайыз сайлаушы дауыс берген.
Тәжікстанның референдум және сайлау жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода 23 мамыр күні өткен жексенбі күні болған референдумға 4 миллион 38 мың Тәжікстан азаматы қатысты деп мәлімдеді. Олардың 3 миллион 814-і Тәжікстанның Негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдаған.
Конституцияға өзгерістер енгізуге 134,121 мың адам немесе қатысушының 3,3 пайызы қарсы дауыс берген.
Осылайша, енді Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон билікте шексіз қалуға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге президенттікке үміткер бола алатын адамдардың орташа жасын 35-тен 30 жасқа түсірді. Яғни Тәжікстан басшысының үлкен ұлына келесі президент сайлауына қатысуға жол ашады.
Енді бұдан былай Тәжікстан Конституциясы бойынша діни және ұлттық сипатта саяси партия құруға тыйым салынады.