Жаңалықтар 22.09.2020 сағат 02:52

«Азаматтардың денсаулығын қорғауды ескере отырып, кәсіпорындарымызға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек» - Тимур Құлыбаев

Тимур Құлыбаев мемлекет пандемия салдарын еңсеру үшін 5,9 трлн теңге бөлгенін, бірақ кәсіпорындар әлі де қиындықты еңсере алмай отырғанын айтты.
«Азаматтардың денсаулығын қорғауды ескере отырып, кәсіпорындарымызға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек» - Тимур Құлыбаев
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қатысқан қалалық кәсіпкерлер саладағы ең өзект мәселелер туралы шағымын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тимур Құлыбаев мемлекет пандемия салдарын еңсеру үшін 5,9 трлн теңге бөлгенін, бірақ кәсіпорындар әлі де қиындықты еңсере алмай отырғанын айтты.

«Енді азаматтардың денсаулығын қорғауды ескере отырып, кәсіпорындарымызға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір бағдарламалар сұранысқа ие (бизнестегі - авт.), кейбіреуі төмен. Сіздермен «Үкімет қандай бағдарламаларды күшейтуі қажет, қандай бағдарламаларды қысқарту немесе жою қажет?» деген ұсыныстарды пысықтауымыз керек. Осы бағыттағы ұсыныстарыңызды тыңдауға келдім», - деді Құлыбаев.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтің ақпараты бойынша, Алматы қаласының бизнес-қауымдастығы үшін бірқатар өзекті мәселелер бар. Олардың арасында мемлекеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу барысында туындайтын мәселелер көп.

«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу рәсімі Мемлекеттік сатып алудан түбегейлі ерекшеленеді. Қор өкілдері шартқа қол қойылғаннан кейін сатып алудан бас тартатын жағдайлар да бар. Кәсіпкерлер ақшаны жұмсайды және шартты жүзеге асыру үшін несие алады, алайда, сайып келгенде, елеулі қаржылық шығынға ұшырайды», - деп атап өтті  Барышев.

Кеңес төрағасы «Самұрық-Қазына» қоры сатып алушы кәсіпкерлердің жұмысын нақты бағалай алуы үшін, «Атамекен» ҰКП бақылауы тапсырыс берушілердің бағалау жүйесін енгізуі керек деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар, ол кедендік рәсімдеу кезінде тауарлардың Қырғызстанға өтуіне жоғары кедендік құн мәселесін де көтерді.

«ҰКП ұстанымы - бұл бизнесті қолдау, баждарды арттырудың болмауы және баждардың ашықтығы. Бұған дейін біз мына ұсыныстарды айтқан болатынбыз: тауарлардың кедендік құны ашық режимде көрінетін сайт құру; бағалық зерттеулерді ҰКП жүргізіп, мемлекеттік кірістер басқармасына пайдалануға беретіндігі», - дейді ол.

Сондай-ақ, алматылық кәсіпкерлер жекелеген бизнес түрлеріне әлі де тыйым салынатынын айтып шағымданды. Алайда, төтенше жағдай енгізілген және карантин жарияланған кезеңде экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының тізбесінде олар жоқ. Мәселен, мектептердегі асханалар, боулингтер, бильярд бөлмелері, караоке, компьютерлік клубтар және басқалар. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші көрсетілген қызмет түрлері экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының қатарына енгізбеген. Кәсіпкерлер экономиканың осы салалары мемлекеттен еңбек ақы қорына салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босату түрінде жеңілдіктер алмағанын айтып шағымданды.

Сарапшылардың есебінше, қазір Алматыда 8 мыңға жуық кәсіпкер карантинге байланысты қызметін қайта қалпына келтіре алмай отыр. Кәсіпкерлер экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін экономиканың аталмыш салаларды неғұрлым зардап шеккен тізімге қосуды, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу үшін 12 ай мерзімге пайызсыз кредит түрінде мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды немесе жұмыс толық қалпына келтірілгенге дейін жалақының ең төменгі 1 мөлшеріндегі жәрдемақы төлеуді жалғастыруды, сондай-ақ осы кәсіпкерлердің қызметкерлерін медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша қолдау шараларын қарастыруды ұсынды.

Отырыс қорытындысында Тимур Құлыбаев айтылған барлық мәселелердің назарға алынатынын атап өтті. Сондай-ақ Алматыда кәсіпорындардың жұмыс істеуіне өзім ықпал ететінін, бірақ кәсіпорындардың жұмысын қалпына келтіру азаматтардың денсаулығын ескере отырып қана жүзеге асырылатынын ескертті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар