Жаңалықтар 22.09.2020 сағат 06:31

СҚО-да қатты дауыл тұрып, қазақ мектебінің шатырын жұлып әкетті

Жалпы аумағы 1 мың 300 шаршы метр болса, соның жартысына жуығы зақымданған.
СҚО-да қатты дауыл тұрып, қазақ мектебінің шатырын жұлып әкетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрып, Сергеевка қаласындағы қазақ мектебінің шатырын жұлып кетті.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 20 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында болған. Дауыл тұрып, қатты жел Малдыбаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан ғимараттың шатырын жұлып әкеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«Желдің қуаты секундына 28 метр болған. Қазақ орта мектебінің «профлистпен» жабылған шатыры дауылға төтеп бере алмай, жұлынып кеткен. Жалпы аумағы 1 мың 300 шаршы метр болса, соның жартысына жуығы зақымданған. Бірақ бұл оқу процесіне әсер еткен жоқ. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келген шығын мөлшері анықталып жатыр», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар