Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін ер азаматтардың зейнетке шығу жасын 65-ке (әйелдер – 63 жас) дейін өсіретін заңға қол қойды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлап отыр.
"Интерфакс" хабарлағандай, зейнет жасын өсіру біртіндеп әрбір жарты жыл сайын жүзеге асады. Заң 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Алдын Путин Ресейде зейнет жасын ерте ме кеш пе өсіру керек деп мәлімдеген. Президент мұны ресейліктердің өмір сүру жасының ұзаруына байланысты болатын жүйелі түрде болатын мәселелермен түсіндірген.