$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды

13 ғасырдың бас кезінде Хорезм шаһтары билік етті. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап. 
 
"Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", - делінген жарлық мәтінінде.

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Смарқанд - Өзбекстан Республикасындағы ежелгі қала, өзі аттас облыс орталығы. Зеравшан өзен аңғарында орналасқан. 

Самарқанды 8 ғасырдың басында арабтар, 9 ғасырда Самани әулеті, 11 ғасырда Қарахан әулеті, одан соң түрік салжұқтары, 12 ғасырдың орта шенінде қидандар басып алды. 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм шаһтары билік етті. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың басында Әмір Темір мемлекетінің астанасы болды

1924 - 1929 жылдары - Өзбек КСР-інің астанасы болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары