$ 445.66  474.58  4.78

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыда жүр

Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

 Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары