$ 446.49  475.38  4.79

«Депутаттар білім туралы заң жобасына бастамашы болды» - Нұрлан Нығматулин

Күн тәртібі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды., деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Парламент Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Құжат білім беру қызметін ұсынуды бақылауды қоса алғанда, оқу үдерісін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы жобасын қарау ұсынылады. Осының қатарында мемлекеттік шекара туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ. 

Күн тәртібі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары