$ 443.85  474.3  4.8

ОҚО-да екі жол апатынан 4 адам қайтыс болды

25 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысының тас жолдарында екі ірі жол көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайтыс болғандар қатарында жергілікті БАҚ-тың бірінде жұмыс істейтін журналист те бар деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Бірінші жол апаты Созақ ауданында орын алған. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатқан Lexus пен Audi маркалы көліктері соқтығысып, үш адам қайтыс болды. Қос көлікте барлығы алты жолаушы болған екен. Олардың үшеуі қазір ауруханада. Audi-дің 25 жастағы жүргізушісі хал үстінде дейді дәрігерлер.

Екінші жол апаты Шаян елдімекеніне барар жолда орын алды. "Жергілікті таксопарктердің біріне тиесілі автокөлік аударылып қалды. Апат салдарынан жолаушы - жергілікті БАҚ өкілі оқиға орнында көз жұмды. Такси жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, ол хал үстінде жатыр" делінген телеарна таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары