$ 444.32  473.33  4.76

Ресейде дағдарыс басталғалы бері кедейлердің саны 5 млн адамға артқан

Ресейде дағдарыс басталған уақыттан бері кедейлердің қатары жаңа 5 миллион адаммен толыққан. Бұл жайында президент Владимир Путиннің кеңесшісі Андрей Белоусов Экономикалық кеңес жиынының ашылуында айтты.

Табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен адамдардың артуы экономика үшін үлкен проблемаға айналып отыр дейді Белоусов. Оның айтуынша, Ресей экономикасы бүгінде дағдарыстың шарықтау шегінен өтіп, біршама оңалып келеді. Дегенмен, осы уақыт аралығында кедейлердің саны айтарлықтай артып кеткен.

«Бүгінде табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен адамдардың саны халықтың 13 пайызын құрап отыр. Дағдарысқа дейін бұл көрсеткіш 10 пайыз болатын. Бұл дегеніңіз, кедейлердің саны тағы 5 миллион адамға артты дегенді білдіреді», — деп атап өтті президент кеңесшісі.

Белоусовтың айтуынша, халықтың табысын қайта тұрақтандыру үшін тағы бірнеше жыл керек.

РФ Экономикалық даму министрлігі 2017 жылдың соңына дейін елдегі кедейлер саны халықтың 13,7 пайызын құрайды деген болжамын жасаған болатын. 2018 жылы бұл көрсеткіш 13,9 пайызды құрамақ. Тек 2015 жылы ғана тұрғындардың кірісі тұрақтала бастайды дейді министрлік сарапшылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары