Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрларды ашу мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің мәліметінше, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті ұсыныстар енгізіледі.
"Бірінші кезеңде кинотеатрдағы орындардың 30 процентін ғана толтыруға рұқсат беруді ұсынамыз. Осы мәселе талқыланып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылуы мүмкін", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 5 қазаннан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шаралар енгізіледі. Олар:
Бұдан бөлек, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар:
Анықтама болмаған жағдайда азаматтар екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады. COVID-19 тесті вирусты жұқтырғанын көрсетсе, инфекциялық стационарға жатқызылады. Ал инфекция табылмаса, үйіне қайтады.