Республикалық маңызы бар «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Хоргос» автожолының 63 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Биылғы жылдың басынан бастап аталған күре жолдың 109-шақырымынан 126-шақырымына дейінгі аралықта жолды қайта салу жұмыстары атқарылуда. Ал 126- 154-шақырым аралығында ой-шұңқыр жөндеу және жол бойын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді», делінген хабарламада.
«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдың соңына дейін 154-шақырымнан бастап 172-шақырымға дейінгі аралықта орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.