$ 494.87  520.65  4.91

«Трамп COVID-19 тестінің алғашқы нәтижесін жасырған» - БАҚ

Ол кеңесшілерінің бірінен тесттің нәтижесін жарияламауды сұраған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 тестінің алғашқы оң нәтижесі туралы айтпады, -деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. 

1 қазанда Fox News телеарнасындағы эфирінде Трамп кеңесшісі Хоуп Хикс коронавирус жұқтырғаннан кейін тексерістен өткенін хабарлаған. Алайда Wall Street Journal америкалық газеті дереккөздерге сүйеніп, президент коронавирус тестінің нәтижесі оң шыққаны туралы хабарды эфирге дейін білгенін мәлімдеген. Ереже бойынша, Ақ үй қызметкерлеріне коронавирус тестінің екінші, нақты нәтижесі экспресс-тестте ауру анықталғаннан кейін жасалады.   

Оқи отырыңыз: Тоқаев Трамп пен оның жұбайына коронавирустан сауығып кетуді тіледі

АҚШ басшысы осымен екінші рет тексерілгенін жасырмады, алайда ол коронавирус тек Хикстен анықталғанын айтқан. Сондай-ақ, газет мәліметінше, Трамп кеңесшілерінің бірінен тесттің нәтижесін жарияламауды сұраған. 

"Ешкімге айтпа", - деген екен Трамп. 

Еске алайық, 2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары