$ 444.22  476.38  4.82

Алматыдағы Достық үйінде Абай шығармашылығы дәріптелді

Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Алматы қаласындағы Достық үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауын талқылау отырысында, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ақынның шығармашылығы дәріптелді, - деп хабарлайды Sn.kz.

Талқылауға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ екенін атап айтты.

«Ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ. Осынау мәртебелі міндет жолында ұлы ақын мұрасына сүйеніп әрекет жасасақ, берекет табатынымыз анық. Біз іздеген барлық сауалдың жауабы хакім Абайдың өлмес өлеңінде, салиқалы сөзінде тұр. Абай аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. Біз ақын мұрасына және зиялылар әлеуетіне сүйеніп, осындай қоғам орнатуымыз керек. Ол қоғамның ұлттық идеясы білім мен ілімге жетелейтін тәуелсіз елдің ағартушылық ұстанымы болуға тиіс. Ұлт болмысын жаңғырту барысында Абайды толғандырған жағымсыз қасиеттерден арылуымыз керек», - деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы зиялы қауымның жаңа кезеңдегі жаңа миссиясы туралы айтып өтті.

«Қай дәуірде де қазақ зиялылары өз қоғамында мәртебелі миссиясын атқарып келеді. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды, ұлттық құндылықтарды түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Жаңа тарихи кезеңде қазақ зиялыларының ендігі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сіздер – қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуларыңыз керек», - деді Қырымбек Көшербаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары