$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Үкімет пен әкімдерге ауруханалардағы олқылықтарды дереу түзету керектігін ескертті

Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген фотосуреттер таралуда.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде медицина саласындағы олқылықтарды жіпке тізді. Оның айтуынша кейбір аймақтардағы ауруханалардың  коронавирустың екінші кезеңіне дайындығы нашар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақордаға сілтеме жасап. 
 
"Біз жаз айларында дәрі-дәрмек тапшылығын айқын сезіндік. Менің тапсырмам бойынша нақты жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, екі айға жететін қор жасақталып, ең қажетті деген дәрі-дәрмектің тізімі ұлғайтылды. Оны сырттан әкелу және тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Бірақ, өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес. Мысалы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында – екі жүз миллион теңгеден. Маңғыстау облысында – үш жүз миллион теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласында бір миллиард алты жүз миллион теңге, Алматыда – бес миллиард теңге.

Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлердегі дайындық барысына берген бағасымен таныстық. Соған сәйкес, Маңғыстау және Алматы облыстарында емханалар мен ауруханалардың дайындығы нашар екендігі анықталып отыр. Осы олқылықтарды Үкімет пен әкімдер дереу түзетуге міндетті.

Үкіметке әкімдермен бірлесіп, екі апта ішінде тұрақтандыру қорларын белгіленген нормативке сәйкес жасақтауды және медицина инфрақұрылымының толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев. 
 
Мұнан бөлек, мемлекет басшысы мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп бара жатқанын ескертті. 

Тоқаевтың сөзінше, Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген фотосуреттер таралуда. Мониторинг жүргізетін топтар тексерістерін азайтты. Бұл ретте, карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кеткен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары