$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс депутаты Шымкент әуежайы маңындағы былықтарды атады

Қалай бір жеке тұлға бүкіл әуежайды басқара алады?
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-министр Асқар Маминге Шымкент әуежайын сату үшін тендерге өтініштер қабылдау мерзімін қайта қарау туралы сауалмен жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат мемлекеттік органдар стратегиялық объектілерді көбіне тендерге қатысушыларды тиісті іріктеуден өткізбестен жеке меншікке бер салады деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда элтекронды сауда алаңында Шымкент әуежайын 5,2 миллиард теңгеге сату туралы хабарландыру пайда болды.

Шымкент қалалық әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тендер жариялап үлгерді, онда сенімді басқару құқығын беру мерзімі 10 жыл, ал тендерге өтініштердің қабылдау үш аптаға ғана - 18 қыркүйектен 8 қазанға дейін белгіленген.

" Көрініп тұр, біреу үшін бұл тендерді тез әрі ың-шыңсыз өткізу тиімді секілді. Бәрінен таң қаларлық нәрсесі, конкурсқа жеке кәсіпкерлер де, тіпті жеке тұлғалар да қатыса алады екен. Қалай бір жеке тұлға бүкіл әуежайды басқара алады? Бұл қала әуежайының болашақ перспективасына деген күмәнді қоюлатады. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, мұндай объект үшін бастапқы бағасы 5,2 миллиард теңге деген тым төмен", - деп атап өтті Жамалов.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкенттің әуежайы сатылымға шығарылды

Нысанның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, депутат келесі ұсыныстарды қарастыруды сұрайды:

- Шымкент әуежайын сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге өтініштерді қабылдау мерзімдерін ұзарту;

- әлеуетті қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау;

- объектінің құнын қайтадан бағалау.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары