$ 494.87  520.65  4.91

Президенттік кадр резервіне тағы бір іріктеу өтеді

2020 жылы 15 қаңтарда бағдарламаға қатысушылармен президенттің өзі кездесті.
фото: qasym.kz
фото: qasym.kz

Қазақстанда Президенттік кадр резервіне тағы бір іріктеу өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдаған кезде талқыланды. Кездесу барысында Жайылғанова агенттік қызметінің негізгі бағыттары жайлы есеп берді, - деп хабарлайды Sn.kz.
Ол әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр саясатын қалыптастыру жайын сөз етті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ахуалы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы президенттік жастар кадр резервімен жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар оның қатысушыларының жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу қажет екенін еске салды. Агенттікке олардың резерв құрамында болу жағдайларын регламенттеуді тапсырды.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік Жастар кадрлық резервіне тағы бір конкурстық іріктеу жүргізуді тапсырды. Іріктеу 2021 жылы өтеді.  Бұл ретте мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескере отырып, іріктелетін кандидатуралардың санын азайтылады.
Айта кетейік, өткен жылдың күзінде президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында конкурс жарияланды. Еліміздің барлық өңірлерінен 13 мың жас қазақстандық өтінім берді. Іріктеу төрт айға жалғасты. Нәтижесінде резервке 300 адам өтті. 
2020 жылы 15 қаңтарда бағдарламаға қатысушылармен президенттің өзі кездесті. Ал қазіргі уақытта 150 резервші жаңа лауазымдарға ие болды.
Олармен кездесу өткізген ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанда жастар саясатын іске асыру тәсілдері өзгертілгенін хабарлады. 
Өзгеріске сәйкес, жастардың жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік қатыстылығына қарай сараланатын болады.
Министрдің айтуынша, жастар арасында ұлттық болмысты, кодты сақтап қалу маңызды болып отыр.
Министрдің айтуынша, ұлттық кодты сақтау мәселесі маңызды болып табылады.
"Қазір жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті: тілді, мәдениетті, салт-дәстүрді оңай жоғалтуға болады. Мұның бәрі отбасында тәрбиеленеді, бұл отбасылық құндылықтарды насихаттау маңызды", - деп атап өтті министр. 
Сондай-ақ, жастар арасында ажырасулардың көбейіп кеткенін алға тартты. Оның барлығы күнделікті мәселелерден тұратынын айтты. Жас отбасылардағы ажырасу пайызын азайту үшін өзара тығыз қарым - қатынас жасауымыз өте маңызды, деп түйіндеген еді Балаева.
Айта кетейік жыл басында президенттік жастар кадрлық резервіне енген 100 адамды жаңа қызметке тағайындау жоспарланып отырғаны хабарланды. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді.
Президент резервке өткен азаматтардың жаңа қызметке бекітілуі ауқымды жұмыстың басталуы ғана екенін мәлімдеді. 
Президент нақтылағандай, жастар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жіберіледі. Тоқаев алдағы жылдары кадрлық резервтің әлеуеті толық пайдаланылатынын айтып өтті. 
"Араларыңыздан бизнес саласында зор жетістікке жеткендер шығып жатса құба-құп болар еді. Осы ретте ел дамуына пайдасы тиетін бастамаларды қолға алған жөн", - деді президент.
Сол кезде мемлекет басшысы резерв құрудың басты мақсаты жастарды шенді қызметке тағайындау емес екенін, керісінше талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру екенін айтты.
Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.
Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.
Үміткер сайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.
Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.
Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.
Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.
Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Президенттік кадр резервіне тағы бір іріктеу өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдаған кезде талқыланды. Кездесу барысында Жайылғанова агенттік қызметінің негізгі бағыттары жайлы есеп берді. Ол әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр саясатын қалыптастыру жайын сөз етіп, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ахуалы туралы баяндады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары