$ 494.87  520.65  4.91

Төтенше жағдайлар министрлігі ауруханаларда өрт қауіпсіздігін тексереді

Өрт сөндірушілердің жалақысы орта есеппен 20%-дан 65%-ға дейін өсті.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі ауруханаларда рейдтер мен өрттің алдын алу үшін оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин емдеу мекемелерінің жоғары қауіпті нысандар екенін, сол себепті қауіпсіздік шараларын алдын ала өткізу қажет екенін атап өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Осыған орай министрліктің өкілдері өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін аурухана қызметкерлерімен онлайн-конференциялар өткізеді.

"Біз электр жабдықтарын пайдалану ережелеріне назар аударамыз, ол науқастарға оттегінің берілуін қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, шетелде болған жағдайлар бізді электр жабдықтарымен жұмыс істеуге кадрларды даярлауға ерекше назар аударуға мәжбүр етеді. Қайғылы салдардың алдын алу үшін біз рейдтік шаралар мен оқу семинарларын өткіземіз", - деді Ильин.

Себебі Мәскеу мен Санкт-Петербург ауруханаларында биыл өрт шыққан еді, ал Қазақстан соның алдын алуға ниеті. Ол жерде өрт жасанды тыныс алу аппаратынан шыққан. Сондай-ақ медициналық өнімнің пайдалану және техникалық құжаттаманың сәйкессіздігі анықталды.

Сол себепті Қазақстанның ТЖМ науқастарға оттегі беруді қамтамасыз ететін электр жабдықтарын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші қыркүйектегі жолдауында төтенше жағдайлар министрлігінің қайта құрылатынын хабарлады. Содан кейін Юлий Ильин министр болып тағайындалды.

Артынан министрдің бірнеше орынбасары тағайындалды. Ішінде Ибрагим Күлшібаев, Мереке Пішембаев, Марат Күлдіков бар.

2020 жылдың 16 қыркүйегінде мемлекет басшысы жаңа министрді қабылдады.

Кездесу кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге жылыту маусымына және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік жүргізу қажет екенін айтты.

Көктемгі тасқындар мен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелерін шешуді тапсырды.

Юрий Ильин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайта құрылған министрліктің құрылымы жайлы баяндама жасады. Өз сөзінде ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары жайлы айтып берді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар комитеті 2014 жылдан бастап ІІМ құрамында жұмыс істеді.

Төтенше жағдайлар қызметі осы уақытқа дейін 1,35 миллионнан астам апат орнына барды.

Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркеледі, оның ішінде 15 мыңы – өрт. Құтқарушылар төтенше жағдайлар аймағынан 8 мың азаматты шығарып, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады, 4,5 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

1,5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мың өрт сөндіру-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынды. 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

Өрт сөндірушілердің жалақысы орта есеппен 20%-дан 65%-ға дейін өсті. Лауазымдық жалақыларының өсуі азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан астам қызметкеріне әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі ауруханаларда рейдтер мен өрттің алдын алу үшін оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин емдеу мекемелерінің жоғары қауіпті нысандар екенін, сол себепті қауіпсіздік шараларын алдын ала өткізу қажет екенін атап өтті. Осыған орай министрліктің өкілдері өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін аурухана қызметкерлерімен онлайн-конференциялар өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары