$ 444.22  476.38  4.82

Елордада 548 адам тіркеуде тұрған «резеңке пәтер» анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Елорданың көші-қон полициясы қызметкерлері жыл басынан бері 600-ге жуық «резеңке» пәтерді анықтады. Тіркеу орнында іс жүзінде тұрмайтын 24 мыңға жуық азаматты, оның ішінде әкімшілік ғимараттарда тіркелгендерді тіркеуден шығарды. Көші-қон заңнамасын бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz сайты. 

«Осылайша, көші-қон қызметі К.Әзірбаев көшесіндегі пәтерде 2016 жылдан бастап тұрақты тіркеуде тұрған 259 адам болған пәтерді анықтады. Сол пәтерде 289 адам уақытша тіркелген. Сонымен қатар тек үстіміздегі жылдың тамыз айында иесі 154 азаматты пәтеріне тұрақты тіркеуге қойған. Меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы – тұрғын үй иесіне олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерін қоспағанда, бұрын пәтерге тіркелгендердің барлығы тіркеуден шығарылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Елорданың көші-қон қызметі заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша уақытында тіркеуге тұруға шақырады.

«Мекенжай туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, оларды жаңарту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыз. Біз сондай-ақ тұрғын үй иелерінен олармен бірге тұрмайтындарды тез арада тіркеуден шығаруды сұраймыз», – дейді мамандар.

2020 жылдың 9 айында елордада 151 мыңнан астам адам, оның 30 мыңға жуығы уақытша, 121 мыңнан астам азамат тұрақты тіркелді.

Статистика көрсеткендей, соңғы екі жылда орта есеппен Нұр-Сұлтанға халықтың ең көп легі Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары