$ 444.22  476.38  4.82

Төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 25 жыл: министр президентке алғыс айтты

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы шешім қабылдады.
фото: astana1life.kz
фото: astana1life.kz

Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 25 жыл болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Сол уақыттан бері 19 қазан құтқарушылар күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Sn.kz.

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл жайында президенттің кезекті жолдауында айтылды. Содан кейін Юрий Ильин жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды.

Ақорданың хабарлауынша, жуырда мемлекет басшысы Юрий Ильинді қабылдады. Министр қайта құрылған ведомствоның құрылымы жайында айтып берді.

Мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функциялар мен материалдық қорды беру үдерісіне тоқталды.

Кездесу барысында министр президентке төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында мекеме қызметкерлері атынан алғыс айтты. Ол министрліктің қайта құрылғанына алғысын білдірді.

Айта кетейік, биыл жыл басталғалы төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар кезінде көз жұмғандар саны айтарлықтай азайды. Бұл жайында жаңа министр президентке есеп беру кезінде мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында министрлікке бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жылыту маусымына дайындық, қыс мезгіліне дайындық, түрлі төтенше жағдайларды азайту секілді өзекті тақырыптар бар.

Сондай-ақ, қар бұрқасындарына әзірлік, көктемде болатын су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды.

Айта кетейік, айтулы дата кезінде бірқатар өңірде өрт сөндіру техникалары табысталды. Соның ішінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністеріне 31 жана арнайы өрт сөндіру техникаларының кілті берілді. Шараға қала әкімі де қатысқан болатын.

Барлық өрт сөндіру техникасы қала әкімшілігі тарапынан сатып алынды. Сонымен қатар Шымкентте сегіз өрт сөндіруші алғыс хатпен марапатталды. Олар қызметін сапалы әрі мінсіз атқарған деп бағаланды.

Айта кетейік, алдағы уақытта жаңа техниканың мүмкіндігін көру үшін Шымкент қаласының өрт сөндіруші-спортшылары спорттық сайыстың түрлерін көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Қаланың төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, қалада өрт сөндіру қызметінде жүзден астам техника бар. Оның басым бөлігі кейінгі жиырма жылдан бері ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр.

Ал құтқрушылар органының құрылғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Құттықтау мәтінінде жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына табыс тіледі.

"Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!", - деп жазды президент.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар қызметі осы уақытқа дейін 1,35 миллионнан астам апат орнында көмек көрсетті.

Қызметкерлердің қызметін кәсіби деңгейде атқарғанының арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды.

Сондай-ақ, 334 мыңнан астам адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтеттің құрылғанына 25 жыл болды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Сол уақыттан бері 19 қазан құтқарушылар күні болып бекітілді. Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл жайында президенттің кезекті жолдауында айтылды. Содан кейін Юрий Ильин жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары