$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан мен Шымкентте құтқарушылар күні қарсаңында өрт сөндіру қызметіне жаңа техника қосылды

Сонымен қатар, Қазақстанда бірегей құрылыстар – Сырдария өзенінде су тасқынына қарсы Көксарай контрреттегіші салынды.
фото: qazaly.kz
фото: qazaly.kz

Қазақстанда азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай елорда мен Шымкент қаласында өрт сөндірушілерге жаңа техника мен өрт сөндіру депосының ашылуы өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Астанада ашылған өрт сөндіру депосының ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Министр сөз сөйлеп, өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, республика бойынша кейінгі он бес жыл ішінде құтқару қызметі үшін 31 нысан салынған. Оның ішінде жиырма үш өрт сөндіру депосы мен сегіз құтқару станциясы бар. Оған үкімет пен жергілікті атқару органдары қолдау көрсеткен.

Осылайша, шара барысында өрт техникасы мен реанимобильдердің кілті табысталды.

Мереке қарсаңында еңбегімен көзге түскен кәсіби мамандарға министрлік атынан марапаттар берілді.

Айта кетейік, астанадаы өр сөндіру депосының жалпы ауданы төрт мың шаршы метрді құрайды. Ол жерде алты өрт сөндіру көлігіне арналған. Сондай-ақ, өрт сөндірушілерге жақсы жағдай жасау үшін қызметкерлерге жатақхана салынған.

Жаңадан ашылған ғимаратта Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов арасында елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада өрт сөндіруге қатысты және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты төрт мыңнан астам шақыртуға барған. Осы жұмыс кезінде бес жүзге жуық адамды құтқарған.

Ал Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністеріне 31 жана арнайы өрт сөндіру техникаларының кілті берілді. Шараға қала әкімі де қатысқан болатын.

Барлық өрт сөндіру техникасы қала әкімшілігі тарапынан сатып алынды. Сонымен қатар Шымкентте сегіз өрт сөндіруші алғыс хатпен марапатталды. Олар қызметін сапалы әрі мінсіз атқарған деп бағаланды.

Айта кетейік, алдағы уақытта жаңа техниканың мүмкіндігін көру үшін Шымкент қаласының өрт сөндіруші-спортшылары спорттық сайыстың түрлерін көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Қаланың төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, қалада өрт сөндіру қызметінде жүзден астам техника бар. Оның басым бөлігі кейінгі жиырма жылдан бері ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, өткен жылы азаматтық қорғау органдарына арналып 1,5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мың өрт сөндіру-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынды. 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

Өрт сөндірушілердің жалақысы орта есеппен 20%-дан 65%-ға дейін өсті. Лауазымдық жалақыларының өсуі азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан астам қызметкеріне әсер етті.

Сонымен қатар, Қазақстанда бірегей құрылыстар – Сырдария өзенінде су тасқынына қарсы Көксарай контрреттегіші салынды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау үшін арнайы қорғаныс құрылысы жүрді. Стратегиялық нысандар Қазақстанның оңтүстік бөлігі мен Астананы су басудан қорғайды.

Алматы облысында Қорғас өзенінде селден қорғауды қамтамасыз ету үшін шартты түрде Қорғас-1 және Қорғас-2 деп аталатын екі жоба іске асырылып жатыр. Селден қорғау кешенінің негізгі элементі сел ұстайтын Шүкірбұлақ (Алмалы) бөгеті болып табылады, оның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағында орналасатын болады.

Алматыда "Ақсай" шатқалында және Ақсай өзенінің "Аюсай" бассейнінде сел тасқынынан болатын қауіпті азайту үшін сел ұстайтын бөгеттер салу жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай елорда мен Шымкент қаласында өрт сөндірушілерге жаңа техника мен өрт сөндіру депосының ашылуы өтті. Астанада ашылған өрт сөндіру депосының ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Министр сөз сөйлеп, өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары