$ 494.87  520.65  4.91

Жаңадан құрылған ТЖМ қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар қызметі осы уақытқа дейін 1,35 миллионнан астам апат орнында көмек көрсетті.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин жаңа министрліктің құрылымы туралы айтып берді. Министр президенттің тапсырмасымен қайта құрылған ведомствоның құрылымына құрылымдық бөлімшелермен бірге төтенше жағдайлар комитеті, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері, мемлекеттік материалдық резерв комитеті және бұрын ІІМ-ге берілген басқа да бірқатар функциялар кіретінін айтты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Барлық бөлімшелер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

"Әрине, еңбекақы төлеу қорын арттыру, лауазымдардың жаңа санаттарын енгізу мәселесі бар. Бірқатар лауазымды тұлғалардың жалақысы өседі. Сондай-ақ, мемлекеттік органды қайта тіркеу, бланк өнімдерін шығару бойынша қажетті ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бізде еңбекақы төлеу қоры бойынша шамамен 233 млн теңге ұлғайту көзделген", - деп нақтылады Юрий Ильин.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" жарлыққа қол қойды.

Содан кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар функцияларды берді.

"Төтенше жағдайлар министрлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілді. Жаңадан құрылған министрлікке индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне бекітілген бірқатар функциялар берілетін болады", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Осылайша, комитетке тау-кен металлургия, көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсіптерін индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері; энергия тиімділігі және энергия үнемдеу; өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі бекітілді.

Сонымен қатар министрлік экспорттық бақылауды жүзеге асыру; арнайы экономикалық аймақтарды дамыту; жергілікті қамту үлесін арттыру сияқты жетекшілік ететін салалар мен салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды атқаратын болды.

Осылайша, жарылғыш және пиротехникалық заттар айналымы; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестаттау және емтихан; қауіпті өндірістік объектілер бойынша жобалау құжаттамасын келісу; қауіпті өндірістік объектілердің оқу-жаттығуларын және қабылдау сынақтарын жүргізу; тау-кен жұмыстарының жоспарларын келісу; газбен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптарды әзірлеу қызметі жаңа министрлікке берілді.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар қызметі осы уақытқа дейін 1,35 миллионнан астам апат орнында көмек көрсетті.

Қызметкерлердің қызметін кәсіби деңгейде атқарғанының арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам адам төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Бір жылдың өзінде 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелегн. Оның ішінде он бес мың жағдай өртке байланысты. Құтқарушылар төтенше жағдай болған аймақтан 8 мың азаматты шығарып алған. 20 мыңнан астам адамды эвакуацияланды, 4,5 мың зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 31 Халықаралық келісім жасалған.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жемісті ынтымақтастық жасайды.

Айта кетейік, Қазақстанда болашақ құтқарушыларды Көкшетау техникалық институты дайындайды. Азаматтық құтқары органы құрылған 25 жыл ішінде институт 5 мыңнан астам маман даярлап шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин жаңа министрліктің құрылымы туралы айтып берді. Министр президенттің тапсырмасымен қайта құрылған ведомствоның құрылымына құрылымдық бөлімшелермен бірге төтенше жағдайлар комитеті, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері, мемлекеттік материалдық резерв комитеті және бұрын ІІМ-ге берілген басқа да бірқатар функциялар кіретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары