$ 446.49  475.38  4.79

Жылыту маусымы: Пешіңіз дұрыс жабдықталған ба?

Бұдан жоғарыда аталған бұзушылықтардың 90%-ы  электр техникалық желілерді пайдалануға және автономды жылыту жүйелеріне байланысты орын алған.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Жылыту маусымында өрттерді және адамдардың қаза болуын азайту үшін алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Ал бұл маусымда тұрғындар үй-жайларды жылыту үшін пеш және электр жабдықтарын белсенді пайдаланады. Осы орайда Sn.kz порталы жылыту мауымына тұрғындардың дұрыс жабдықталған ба деген сауалға жауап іздеп көрді. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, барлығы 123 128 тұрғын үй есепке алынған. Белгілі болғанындай, атаулы өрт-профилактикалық жұмысқа мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарының саны өткен жылыту кезеңі мен салыстырғанда 25% -ға төмендеді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге 45 173 үйге барып, 215 955 азаматқа нұсқау берілді. Соның ішінде 59 634 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 16 850-і орнында жойылды.

Осы орайда, төтеншеліктер жылыту пештерімен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқада элементтері жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде күй еден тазартылуы тиіс екенін ескертеді. Оның ішінде жылыту пештерін үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін екі айда бір рет тазартылуы керек екен.

Сонымен бірге, пеш пен жылытуды пайдалану кезінде жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға, жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттармен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға, қатты отын мен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға, отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокс пен және газбен жағуға, үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға, пештерді қыздыруға, жанғыш заттар мен материалдарды (аяқкиім, киім, отын) пешпен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге, саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға, диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға және желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға, ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмеу керек екенін ескертеді. 

Бұдан жоғарыда аталған бұзушылықтардың 90%-ы  электр техникалық желілерді пайдалануға және автономды жылыту жүйелеріне байланысты орын алған.

Айта кетейік, улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен астап 1 731 датчик сатып алынды және орнатылды, оның ішінде табиғи газ – 302, улы газ – 1 363, түтін – 66.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде профилактикалық жұмыс пен автономды жылыту жүйелері мен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады.

Мәселен, мамандар 48 118 үйді аралады, оның барысында 110 983 азаматқа нұсқау берілді. 17 973 бұзушылық анықталды, оның 4 767-сі орнында жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жылыту маусымында өрттерді және адамдардың қаза болуын азайту үшін алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Ал бұл маусымда тұрғындар үй-жайларды жылыту үшін пеш және электр жабдықтарын белсенді пайдаланады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, барлығы 123 128 тұрғын үй есепке алынған. Белгілі болғанындай, атаулы өрт-профилактикалық жұмысқа мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарының саны өткен жылыту кезеңі мен салыстырғанда 25% -ға төмендеді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге 45 173 үйге барып, 215 955 азаматқа нұсқау берілді. Соның ішінде 59 634 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 16 850-і орнында жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары