$ 445.66  474.58  4.78

Ақтөбедегі атыстан жараланғандар саны жиырмадан асып кетті

Ақтөбеде болып жатқан қарулы қақтығыстардың салдарынан жарақат алғандар саны жиырма адамнан асты деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап.

"Жарақат алғандар саны өте көп... Нақты санын айта алмаймын. Барлық жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Бір бригаданың өзі оқиға орнына бірнеше рет барып келуде. Жарақатанғандар саны 20 адамнан асып кетті. Қайтыс болғандар туралы айта алмаймын", - дейді аурухана өкілі.

Белгілі болғандай, жараланғандар арасында бейбіт тұрғындар мен қару-жарақ сататын дүкен сатушылары да бар. Алдын ала болжам бойынша, қарақшылар аталған дүкендерді тонап кеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, арнайы операция Ақтөбенің үш бірдей ауданында жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары суық қаруланған белгісіз адамдар тобын ұстау шараларын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары