$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбедегі қарулы қақтығыста қаза тапқандар бар

Ақтөбедегі қарулы қақтығыс туралы жаңа деректер пайда болды. Informburo.kz порталының мәліметінше, әзірге екі адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер де қаза тапқан.

Бейресми деректерге сенсек, атыс бүгін сағат 14:00 шамасында басталған. Белгісіз бірнеше адам қару сататын дүкендерді тонап, әскери бөлім жанындағы адамдарды кепілге алған. Артынша, полиция бөліміне шабуыл жасапты.

Ірі сауда орталықтарындағы адамдардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылған. Жедел жәрдем қызметкерлері болса жарақат алғандар саны жиырма адамнан асқанын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары