$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбеде қаза тапқандар саны алты адамды құрады - ҚР ІІМ

Алты адамның үшеуі атысты ұйымдастырған күдіктілер болса, екеуі - әскерилер, тағы бірі - қару-жарақ дүкенінің сатушысы. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады деп жазады Baq.kz.

«Бүгін Астана уақыты бойынша 15:45-те Ақтөбе облыстық ІІД-нен хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреулер «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған. Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, шабуыл қару-жарақ сататын тағы бір дүкен мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне де жасалған. Шабуыл кезінде дүкендегі сатушы қаза тапса, тағы бір адам жарақат алды. Ал, әскери бөлімде бір офицер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін бір әскери қызметкер оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, үш әскери қызметкер жарақат алды», – деді Ішкі Істер министрлігінің өкілі.

Алмас Садубаевтың айтуынша, шабуыл жасаушылардың біреуі ұсталған, үшеуінің көзі жойылған. Біреуі жарақат алған. Бірнешеуі жасырынып үлгерген.

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция жарияланды. Қоғамдық көліктер тоқтатылып, қала тұрғындарына лаңкестікке қарсы операция жүргізілуіне байланысты үйден шықпауға және көшеде жүрмпеуге өтініш жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары