Жаңалықтар 14.10.2020 сағат 16:40

Елімізде кинотеатрларды ашу жоспарлануда

Болжам бойынша, төтенше жағдай мен карантин кезеңінде олар 15 миллиард теңгеге жуық табысынан айырылған.
Елімізде кинотеатрларды ашу жоспарлануда
Фото: openbusiness.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Біз кинотеатрлардың жұмыс жасауына мүмкіндік беру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біз "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жасай отырып, бағалаймыз. Кинотеатрлардың театрлармен ұқсастығы бойынша нақты ұсыныстар бар. Қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Қыркүйек айында қазақстандық кинотеатр иелері қауымдастығы олардың бизнесі банкрот болудың алдында тұрғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, төтенше жағдай мен карантин кезеңінде олар 15 миллиард теңгеге жуық табысынан айырылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар