$ 498.34  519.72  4.85

Елордада Назарбаевтың құрметіне тағы бір музей ашылды

Бұл жобаға тұңғыш президент қоры тапсырыс берген, ал құрылысты "Сембол Улусларарасы Ятырым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" акционерлік қоғамының бөлімі салды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазақстан билігі астанада елдің тұңғыш президенті, отставкаға кеткен соң қауіпсіздік қызметі мен билеуші партияның төрағасы қызметінде қалған Назарбаевқа тағы бір музей ашты, деп хабарлайды centralasian.org.

Қазақстан астанасында Нұрсұлтан Назарбаевтың музейі болған. Ол қаланың ескі бөлігіндегі президенттің бірінші резиденциясында орналасқан. Бірақ аумағы жаңа музейге қарағанда шағын – 12 мың шаршы метр.

Енді ескі музейдегі экспонаттарды жаңа ғимаратқа көшірді. Жаңа музейдің жанында аумағы 30 мың шаршы метр тұңғыш президент кітапханасы бар. Қос ғимарат та Ақордаға жақын маңда, "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалап, сталиндік қуғын-сүргін кезінде атылған Әлихан Бөкейхановтың атындағы көшенің бойында орналасқан.

Жаңа музейдің құрылысы 2018 жылы Назарбаевтың атындағы саябақ аумағында Құрылысты бастау үшін жұмысшыларға екі мыңға жуық ағашты басқа жерге көшіріп, қайта отырғызуға тура келді. Бұл жобаға тұңғыш президент қоры тапсырыс берген, ал құрылысты "Сембол Улусларарасы Ятырым Пейзаж Иншаат Туризм Санайи ве Тиджарет Аноним Ширкети" акционерлік қоғамының бөлімі салды. Бұл компания астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайын (Пирамида), Тәуелсіздік сарайын, Назарбаев университетін, Хан-шатыр ойын-сауық орталығын, бірнеше стадион мен президенттік қонақ үйлерді, Әзірет сұлтан мешіті мен ұлттық кітапхананы салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары