$ 443.35  475.54  4.82

Сот Қажымұрат Үсеновты 2 жылға соттады

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновты сот екі жылға бас бостандығынан айырды деп жазады Tengrinews.kz. Атышулы іс бойынша бүгін барлығы 12 адамға сот үкімі шыққан. Олардың бәріне ұлттық компаниядағы миллиардтаған қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылуда.

Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас айыпталушылардың үкімін оқып болған соң, конвой Қажымұрат Үсеновты абақтыға алып кетті.

Айта кету керек, бұған дейінгі сот процесі барысында прокурор Үсеновті үш жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметтен өмірінің соңына дейін аластатуды сұраған болатын. Ол тергеу басталған уақыттан бері үй қамағында отырды. Оған Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылған еді.

Ал, осы істің басты фигуранты - ұлттық компанияның экс-төрағасы Талғат Ермегияевқа сот үкімі 10 маусым күні жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары