$ 444.32  473.33  4.76

Тәжікстанның тұңғыш президенті қайтыс болды

85 жасқа қараған шағында Тәжікстанның бірінші президенті Каххор Махкамов қайтыс болды. Бұл туралы бүгін «Азия плюс» порталы хабарлап отыр.

Портал тілшілерінің хабарлауынша, Махкамов ұзақ уақыт бойы науқастанып, соңғы жылдары төсекке таңылыпты. Оны жерлеу рәсімі 9 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, Каххор Махкамов 1990 жылдың қазан айында Тәжік КСР Жоғарғы Кеңесінің таңдауымен мемлекет басшысы қызметіне тағайындалған. Ол кезде елде президенттік институт құрылып, Махкамов Тәжікстанның алғашқы президенті атанған еді. Ал, 1991 жылы қарашада ел тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жалпыұлттық сайлауда Рахмон Нәбиев жеңіп шықты. Махкамовқа өмірінің соңына дейін парламент депутаты деген мәртебе берілді.

Қазіргі таңда Тәжікстанды Эмомали Рахмон басқарып отыр. Ол 22 мамыр күні елде референдум өткізіп, өзін президент сайлауына өмірінің соңына дейін түсе беретіндей етіп заңдастырып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары