$ 441.66  475.14  4.86

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір шөбересі дүниеге келді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев қызды болды. Мұндай қуанышпен Айсұлтан Рахатұлы өзінің Фэйсбуктегі парақшасында бөлісті.

"Достар, менің өмірімдегі ең қуанышты оқиға орын алды және мен оны сіздермен бөліскім келеді. Кеше түнде менің сүйікті жарым қыз баланы дүниеге алып келді. Алғашқы перзентті күту деген сезімге ешқандай сезім тең келмейді екен. Бұл ғажап, Жаратушының берген сыйы, алғысым шексіз.

Белгілі себептермен, бұл жайында алдын ала хабарлағым келген жоқ. Өзге адамдар секілді мен үшін де өмірдегі ең басты құндылық отбасы болып қала бермек.

Аллаға шүкір, бұл күн де келді. Өмірге ару қыз келді", - делінген Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен қызы Дариғаның екінші баласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары