$ 444.32  473.33  4.76

«Алтын Орда хандары» – тарихымызды танытатын кітап

Алтын Орда кезеңінде билік құрған хандардың, әмірлердің өмірі мен қызметіне, Шыңғыс хан мен оның жорықтарына қатысты мәліметтерден жинақталған кітап оқуға жеңіл, құнды ақпаратқа толы.

Қызылорда облысындағы Абай ауылдық №5 кітапханасының қызметкерлері оқырмандарына Қайрат Бегалиннің «Алтын Орда хандары» кітабын оқуды ұсынды.

Онлайн форматында жүргізілген тарихи кітаптың таныстырылымы Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай  дайындалды. Алтын Орда кезеңінде билік құрған хандардың, әмірлердің өмірі мен қызметіне, Шыңғыс хан мен оның жорықтарына қатысты мәліметтерден жинақталған кітап оқуға жеңіл, құнды ақпаратқа толы. 

«Биыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдық мерейтойын атап өту туралы мәлімдеген болатын. Осыған орай ұлық ұлыс туралы насихаттау мақсатында «Алтын Орда хандары» кітабы жөнінде кеңірек ақпарат беріп өтуді жөн көрдік», - дейді кітапхана қызметкерлері. 
Қайрат Бегалиннің «Алтын Орда хандары» кітабы 2007 жылы «Отан» сериясымен Алматы қаласында басылып шыққан. Балаларға және ересектерге арналған бұл кітаптан Алтын Орда мемлекетінің құрылу тарихы, ондағы билік еткен хандар туралы мағлұматтар алуға болады. 
«1227 жылы Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғыс ханның екінші немересі, Жошының ұлы Бату басқарды. Бату әскерінің жорығында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс князьдіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алтын Орда дүниежүзілік тарихта, әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар іргелі де, қуатты мемлекет еді», - деп алып империя тарихы туралы ақпарат берілді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда