Алматы халықаралық әуежайына баратын жол алдағы жарты жылға жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімдіктің таратқан ақпаратына қарағанда, мұндай шешім Бұқтырма көшесі мен Алматы-Көктал тас жолдарының қиылысындағы жол айрығы құрылысына байланысты қабылданып отыр.
«2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға қатынайтын жабылады. Алматы халықаралық әуежайына Рысқұлов даңғылы, Шемякин көшесі және Майлин көшелері арқылы баруға болады», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.
Айта кету керек, іргелес көшелердегі қозғалыс тоқтатылмайды. Жүргізушілер Құлжа тас жолына, Алатау, Тұздыбастау елдімекендеріне әдеттегідей қатынай алады. Осыдан жарты жыл бұрын жабылған Талғар тас жолы мен Құлжа тас жолының ортасын жалғайтын Бұқтырма көшесінің бөлігі әлі ашылған жоқ.