Жаңалықтар 24.10.2020 сағат 22:11

Әуезов, Мүсірепов, Момышұлының кітаптарын шығаруды тоқтатуы мүмкін

Қазіргі өмірге сұранысы жоғары кітаптар шығару керек. Қазақстанда кітап шығаруды ашық нарыққа бағыттау қажет.
Әуезов, Мүсірепов, Момышұлының кітаптарын шығаруды тоқтатуы мүмкін
Фото: kaztaq
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Бауыржан Момышұлының және басқа да кеңес авторларының кітаптарын шығару тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күнге дейін Кеңес заманында өмір сүрген жазушылардың кітаптары әр түрлі сериямен қайта басылып келеді. Біз бұл тәжірибеден бас тартуымыз керек. Қазіргі өмірге сұранысы жоғары кітаптар шығару керек. Қазақстанда кітап шығаруды ашық нарыққа бағыттау қажет. Салалық министрлікке балалар әдебиетін дамытуға баса назар аудару қажет, сонымен қатар салалық көркемдік кеңестердің жұмысы да дұрыс ұйымдастырылуы керек», – деді Сенат отырысында парламенттің жоғарғы палатасының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздік көріністері мәдениеттің жоқтығынан туындайды.

«Барлығы мәдениетке, ұлттық мәдениетке, рухани мәдениетке байланысты. Жемқорлықтың, әділетсіздіктің күнделікті көрінісі мәдениеттің жоқтығынан. Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтуымыз мүмкін», – деді Жүсіп.

Бұл тізімде Әуезов, Мүсірепов және Момышұлынан басқа Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлин, Тайыр Жароков, Ғали Орманов және тағы басқалар сияқты әйгілі авторлар бар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар